Кәсіпорынды оңтайлы орналастырудың өзектілігі

Жалпы қандай қоғамдық жүйеде өмір сүрмейік, халық шаруашылық құрлымы, оның ішінде күрделі ауыр өнеркәсіптен бастап, қарапайым жеңіл өндірістік кәсіпорындарға дейін, зауыт-тар, фабрикалар және агроөнеркәсіптік кәсіпорындары, дәнді да-қылдар элеваторлары, бидай ұнын шығаратын диірмендер, азық қоспалары зауыттары, агроқұрылымдар мен олардың орталықтары және т.б. кәсіпорындарды, тұтыну, тасымалдау жағдайларын ескере отырып, тиімді орналастыру өте өзекті күрделі экономикалық мәселе.

Халық шаруашылық аймақтарына, оның ішінде агроөнер-кәсіп құрлымдарын, тамақ өнеркәсіп орындарын дамыту үшін мемлекеттің бюджетінен жыл сайын үлкен қаржы бөлінеді. Сөзсіз, мұндай капиталды тиімді қолдану, үлкен мемлекеттік маңызды іс.

Тәжірибелік жағдайларда, қарастырылып отырған мәселе бойынша табиғаттық, климаттық, техникалық, транспорттық, ұйымдастыру және басқаруға байланысты экономикалық көрсет-кіштерге әсер ететін факторлар дұрыс ескерілмеуден жіберілген қателіктер мен кемшіліктер көптеп кездеседі. Мысалға, мемлеке-тімізде нарық жағдайында социализм заманындағы агроқұрылым-дар, совхоздар мен колхоздар орталықтары, олардың көптеген бөлімшелерінің орналасуы экономикалық тұрғыдан қарағанда мүлдем тиімсіз екені байқалуда. Осы мәселе бойынша мемлекет деңгейінде «Разработка методических рекомендаций по разработ-ке оптимальной схемы расселения сельского населения» тақырыбы бойынша арнайы орталықтарда ғылыми зерттеулер жүргізіліп, экономикалық тұжырымдар, дәйектемелер және ғылыми ұсыныс-тар жасалынбақшы. Аталған мәселені шешу барысында жаңадан біршама есептер пайда болуда. Бірінші кезекте агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) жүйесінің тиімді функционалдық қызметін қамтама-сыздандыру үшін, өте терең, жан-жақты экономикалық дәйектеме жасалынуы қажет; өндірістің ең тиімді орналастыру және даму жолын таңдау үшін барлық мүмкінділік ескеріліп, АӨК аймақтары-ның жоспарлары бірбірімен тығыз байланыста (яғни бір регион ішіндегі еңбек түрлерін және кәсіпорындарының оңтайлы дамуын осы жоспар қамтамасыздандырады) қаралуға тиіс.



Кәсіпорындарды тиімді орналастыру ауыл шаруашылығы үшін ең басты фактор. Олай болса, осы факторға байланысты жер үйлестіру, оның өнімін арттыру, мал шаруашылығын дамытып, өнімдерін жақсарту және өндірілген өнімдердің өзіндік құндарын төмендету мәселелері нақтылы шешілуге тиіс.

Ауыл шаруашылығында агроқұрлымдарды орналастыру жал-пы территориялық еңбек қорын бөлудің бір бөлімі болуы себепті, ол қоғамның өндіріс күшінің дамуымен тығыз байланысты. Өндіріс құралын жетілдіру және өндірістік кәсіпкерлікті дамыту қоғамда еңбек қорын терең бөліктерге бөліуге әкелетіні белгілі. Сол себепті бүгінгі күнге дейін өндіріс орындарын орналастыру мәселесі материалдық түрде тұрақты өзекті болып қалуда.

Сөйтіп, АӨК кәсіпорындарын, оның ішінде ауыл шаруа-шылық құрлымдарын мамандандыру, тиімді орналастыру ауқымды масштабтағы, күрделі мемлекеттік көп қырлы, өзекті мәселе.

Әдебиеттерде мұндай есептерді шешуде әртүрлі жолдарды, әдістермен тәсілдерді кездестіруге болады.

Келесі тақырыпта, қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға қызықты, орналастыру есептерінің бір нұсқасы және оны реттеу, формалдау тәсілі қарастырылады.


5027276658064585.html
5027345058602207.html
    PR.RU™